Керимбекова Айман Богенбаевна
Керимбекова Айман Богенбаевна 1988 жылы тамыз айының 18-ші жұлдызында Шымкент қаласында дүниеге келген. 2006 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ –ға «Қаржы» мамандығына түсіп, 2010 жылы сол оқу орнын бітіріп, еңбекжолын 2010 жылы ЖШС «БАТ.К» компаниясында бас қаржыгер қызметінен бастаған. 2010 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетіне «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығына оқуға түсіп, 2014 жылы сол оқу орнын бітірген. 2014 жылдан бастап «Бақдәулет-Grib» бөбекжай –бақшасында меңгеруші болып тағайындалды.
Айман Бөгенбаева 2015 жылы Астана қаласындағы Республикалық ғылыми-педагогикалық және әдістемелік «МАГИСТР kz» журналына жариялаған еңбегі үшін «Үлгілі ұстаз» номинациясымен марапатталды. 2015 жылы «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай «Нұр Отан» партиясынан «Алғыс хат» алды. 2016 жылы «Кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» оқу бағдарламасын нәтижелі аяқтап сертификат алды. Халықаралық ғылыми – танымдық, педагогикалық журналы «Мұғалімдер айнасы» журналының №37 қазан 2019 жылғы санында «Мектепке дейінгі мекемеде бала тіл тазалығын қалыптастыру жолдары» атты мақаласын жарыққа шығарды. Сонымен қатар «Абай дана – Абай дара қазақта!» атты педагогтар арасында өткен республикалық байқауына «Үздік баяндама» номинациясы бойынша қатысып, ІІ орын иеленді. Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен «Шебер педагог – 2019» атты II халықаралық байқауында І орынды иеленді. Сондай-ақ «Оқытудағы жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысқаны үшін марапатталды.